2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттама (Санкт-Петербург қ., 2010 жылғы 21 мамырда) (күші жойылды)

2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының санитариялық шаралар
жөніндегі келісіміне өзгерістер енгізу туралы
хаттама
(Санкт-Петербург қ., 2010 жылғы 21 мамырда)

 

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың күшіне енуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды

 

ҚР 2011 жылғы 24 қаңтардағы № 398-IV Заңымен ратификацияланды

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберіндегі Кеден одағына (бұдан әрі - кеден одағы) мүше мемлекеттердің үкіметтері 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісімінің (бұдан әрі - Келісім) 11-бабы негізінде төмендегілер туралы келісті:

 

1-бап

 

Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) 1-бапта:

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«өнімнің (тауарлардың) қауіпсіздігін растайтын құжат» - санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімнің (тауарлардың) адам денсаулығы үшін қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын және уәкілетті органдар беретін құжат (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік)»;

2) 2-баптың үшінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

«Бірыңғай санитариялық талаптар бақылаудағы тауарлардың тиісті түріне ЕурАзЭҚ техникалық регламенттер қабылдағанға дейін қолданылады».

3) 5-бапта:

екінші абзац «санитариялық талаптарға» деген сөздерден кейін «қайта ресімделмей, ЕурАзЭҚ техникалық регламенттеріне» деген сөздермен толықтырылсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.